Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz Atpress.kz-ке сілтеме жасап. «27-шілде күні өңірде қатты жел соғып, С.Датов атындағы №26 орта мектептің шатырын ұшырып әкетті. Жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында. Бастысы, адам шығыны жоқ», – делінген хабарламада. Айта кетейік, мектеп 1992 жылы салынған.