Фото: видеодан скрин Атырау облысы, Доссор кентінде болған жол-көлік оқиғасы екі сәбидің өмірін қиды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай 26 наурыз күні тіркелген. Оқиға орнында бір нәресте жан тапсырса, екіншісі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, сәби кейін көз жұмған. Жол апатының нақты себептері әзірге ресми түрде...