Фото: видеодан скрин Атыраудың Ақмагүл ықшамауданындағы №23 үйдің маңында тұратын халықтың шыдамы таусылды. Мұндағы шұрық-тесік жол сәл жаңбыр жауса, көлік те, жаяу адам да өте алмайтын үлкен көлшікке айналады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. Саңылауынан сүйемдей сау жер қалмаған бұл аумақ тұрғындар үшін нағыз бас ауруына айналған. Әсіресе мектепке қатынайтын балалар мен қарттардың жүріп-тұруы қиындап кетті....