Атырау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында «Қазақ ұлттық қыздар мектебі» ЖШС үстінен әкімшілік іс қаралып жатыр, деп хабарлайды «Ақ Жайық» порталы. Атырау облысы бойынша білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. Бердібек Таишев ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-тармағы («Тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу») бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа жолдаған.