Атырау облыстық полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы қамауға алынды. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде тараған ақпаратты облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі растады. Аймақтағы полиция департаменті көші-қон қызметінің басшысы пара беруге арандатушылық жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметіне қарағанда, күдікті ағасымен бірге елден шығарылу қаупі төнген Молдова Республикасының азаматынан Атырау қалалық сотының судьясына пара […]