28 қарашада атыраулық белсенді Жаңылсын Жалғасова «көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айыппен сотталды. Оның бір жылға бас бостандығы шектелді және 100 сағат қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелді. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады. Биыл 3 шілдеде Жаңылсын Жалғасова Facebook парақшасында «Қазақстан Қарақалпақстандағы митингіні күшпен басу үшін әскер жіберіп жатыр» деген видеоны жариялап, басқалардан оны таратуды сұраған. Кейін