V Дүниежүзілік көшпенділер ойынындағы қызықты сайыстың бірі – аударыспақ. Бұл спорт түрінен бекітілген ережеге сәйкес алты салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынды. Астанадағы этноауылда өткен ұлттық спорт бәсекесін біздің El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі де өз көзімен көріп қайтқан болатын.