2 -4 тамыз аралығында Астана қаласында «Қазақстан-Ауғанстан бизнес-форумы» өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тұмыш айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ол сондай-ақ бұл бизнес-форум Қазақстан Ауғанстанның дефакто Үкіметін танығанын білдірмейтінін жеткізді.