"..Ауғанстан қазақтарын қайтарып алу міндетті емес. Ол жақта Қазақстанға бүйрегі бұратын үлкен диаспора қалыптастыру керек. Сосын сонда оларды біздің мәдениетімізге баулығанымыз жөн. Қазір Түркия түрлі елдегі тіл орталықтары, Қытай Конфуций орталықтары арқылы қалай өз тілі мен мәдениетін насихаттап жатса, біз де солай істеуіміз керек".