Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманған провинциясында болған жарылыс салдарынан 35 адам адам қаза тауып, 30-жуығы түрлі жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AlJazeera-ға сілтеме жасап. ToloNews агенттігінің хабарлауынша, оқиға провинцияның әкімшілік орталығы Айбак қаласында орналасқан семинарияда (медреседе) бесін намазы кезінде болған. Зардап шеккендердің көпшілігі мектеп оқушылары екені нақтыланып отыр. Hasht e Subh газетінің хабарлауынша, құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін