ҰҚК Ауғанстан азаматтарының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге және одан әрі Еуропа елдеріне заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ҰҚК мәліметінше, 16 наурызда лауазымды тұлғаға 5 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде Ауғанстанның төрт азаматы ұсталды.