«Ауыл» партиясының Орталық аппаратында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына арналған Республикалық сайлау штабының отырысы өтті. Жиынға партияның Орталық аппарат басшысы Дәурен Бабамуратов пен өңірлік сайлау штабтарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Tizgin.kz. Отырыс барысында сайлау науқанының қорытындысы шығарылып, өңірлердегі жұмыс тәжірибесі сараланды. Сондай-ақ сайлаушылармен байланысты одан әрі нығайту және алдағы бірлескен жұмыс бағыттары …