Жамбыл облысында 27 бас жылқы найзағайдан қырылып қалды. Оқыс оқиға Рысқұлов ауданында болған. Жылқылардың жай отынан жаппай сұлауына бір жерде тұрып қалуы себеп болған сыңайлы. Олар нөсер кезінде сай ішіне ықтап кеткен. Ал малынан айырылғандар шығынын кімнен өндірерін білмей дал. Аудан әкімдігі төтенше жағдай жарияланған жағдайда немесе жаппай ауру тараған кезде ғана өтемақы төленетінін айтады.