«Отбасы банктің» ресми мәліметінше, Қазақстанда 147 адам ғана 20 және одан да көп пәтерге иелік етеді. Әдетте, мұндай бай адамдар табысы туралы айтпайды. Tengri Lifestyle басылымының редакциясы 32 жасында 22 пәтер алып, оны қалай жүзеге асырғаны туралы пәтер иесіменсұхбаттасты. Ксения Соколунина Қостанай облысының тумасы, кейінгі бес жылдан бері Алматыда тұрады. Тұрмыс құрған, екі қызы бар.