Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан Үкімет резерві қайда жұмсалып жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Депутаттың сөзінше, республикалық бюджетте 417 млрд теңге Үкіметтің резервіне жоспарланған. Бұл жылдық бюджеттен екі есе көп.