Ауылға барып жұмыс істейтін мамандарды әлеуметтік қолдау күшейеді. Ол үшін Үкімет арнайы бұйрық әзірледі. Құжатқа сәйкес, оларға берілетін көтерме жәрдемақы 345 мың теңге болады. Одан өзге, биыл тұрғын үй сатып алуға берілетін кредит 5 млн теңге болса, енді оның сомасы 8 млн 600 мың теңгеге дейін өседі. Бұл өзгерістер келер жылдың қаңтарынан күшіне енеді.