Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға қатысты бірқатар заң жобасы Үкімет қарауына жіберілгенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. Құрметті дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздердің мамандықтарыңыз ең қиын, жауапты және асыл мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалып, нағыз ерлік жасап жүрсіздер.