Фото: Polisia.kz Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде болған Тәжікстан Республикасының азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Qazaqtoday.info. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс аумағында іздеуде жүрген тұлғаларды анықтауға бағытталған локальды-рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолы бойында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының бірінде жас жігіт ұсталған....