Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов елімізде мүгедектікті дәлелдеу процесі ұзақ екенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі. Ринат Зайытов денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға қойған сауалында мүгедектердің мәселесін жедел шешуді өтінді. Сөзінше, шағым айтқандардың қатары көбейген.