Аппеляциялық инстанцияның қылмыстық істер жөніндегі алқасы Талдықорған қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаевқа қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Жетісу облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.