8 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 30 қарашада облыстық ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам уақыт қашып жүрген Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінен табылған. Күдікті ҚР ҚК 120-бабы 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген.