Премьер-министр Әлихан Смайылов әйелдердің зейнетке шығу жасын әр бала туған сайын 2 жылға қысқарту туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді. Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы компоненттерін қамтитын 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады.Сондай-ақ әйелдер үшін олардың жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, еңбек өтілін есептеуде жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, зейнетақы