Балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамға 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұл туралы turkystan.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Оқиға 28 сәуірде Түркістан облысында болған. «М. есімді азамат үйінде ішімдік ішіп, ашу үстінде жұбайын балаларының көзінше екі қолымен, аяғымен ұрған. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз …