Енді күйеуінен таяқ жеген әйелдер арыз жазбаса да, еркек жазаланады. Мұндай еркектерге бұған дейін әкімшілік ескерту беріліп келген болса, енді олар көше сыпыруы мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында құқық қорғау органдарының алдына нақты міндеттер қойған еді. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң күшейтіледі. Егер отбасылық зорлық-зомбылық фактісі тіркелсе, жәбірленуші мен оған зәбір көрсеткен адамның бір-біріне