Бүгінде «Айгүл Аханбайқызы» деген аты-сойын бүкіл алты Алаш білетін қаламгерді біз сонау тұлымшақ кезінен – ҚазМУ-дің журналистика факультетіне аяқ басқан балаң талапкер шағынан танушы едік. Бір қызығы, ол кезде бұл кісінің аты-жөні Назгүл Халықова еді. Осы есімімен біздің есімізде қалған-ды. Курстастар өз арамызда әлі күнге оған «Назгүл-ау» деп сөйлейміз. Сол кездің өзінде ақыл тоқтатқан, сол …