Өскемендегі Высоковольтная көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шығып, жалын лезде үйдің ішін шарпып үлгерген. Өртті көрші жерде тұратын сержант Ризабек Қанапиянов байқап қалып, бірден құтқаруға кіріскен деп хабарлады turkystan.kz «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ол еш ойланбастан оқиға орнына жетіп, өзінің туысы Манарбек Ауғанбаевпен бірге дереу тілсіз жаудың бетін қайтаруға кіріседі. Кенет үй ішінен …