Amanat партиясынан мәжіліске кімдер өткені белгілі болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kzтілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Amanat партиясының Саяси кеңесі Бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімі бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданған. Мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттілігі бар адамдардың үлесі