Өз парақшасында қазақ министр келді деп қуанған депутат Дәулет Мұқаевты желі қолданушылары сынға алды. Олар депутаттың ұлтты бөліп жарғанына наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Мәжілісмен Дәулет Мұқаевпарақшасына даулы пост жариялап, Төтенше жағдайлар министрі лауазымына Юрий Ильиннің орнына Сырым Шәріпханов болғанына қуанышын білдірген. Бұл қызметке, әйтеуір, қазақ келді-ау! Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар