ҚР Әлеуметтік кодексінің ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енуіне байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төлемдер 14,5% - ға өсті. Сонымен қатар, 7 және одан да көп бала туып, тәрбиелеген марапатталған аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері 7,4 айлық есептік