Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді. Бұл туралы экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты. Бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды, олар басқа балалар арасында бөлінеді. Азамат тұрақты тұруға көшіп кетсе, бірақ 18 жасқа дейін азаматтығын сақтаса, Қазақстан азаматы болса, бұл ақша оның өзінде қалады, деді Әлібек Қуантыров.