Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Украинаға гуманитарлық көмек көрсету үшін Энергетика министрлігіне қаражат бөлуді бұйыратын құжатқа қол қойды. Бұл ақпаратты мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратты. Бұйрықта Әзербайжанның гуманизм қағидаттарына сүйене отырып, көптеген елдерге екіжақты және көпжақты негізде гуманитарлық көмек көрсететіні айтылады. Соңғы жағдайларға байланысты Әзербайжан мемлекеті украин халқына бұған дейін де бірнеше рет гуманитарлық көмек көрсеткен.