Нұрболхан Шарап Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында демалғаны үшін 300 мың теңге кеткеніне шағымданды. Әзілкеш бұл ақшаға Түркияға, Египетке барып демалуға болтаныны айтып, жұрттың шетелге «қашатыны» осыдан болуы мүмкін екенін жазды. Қонаев қаласындағы бiр күндiк демалыс 300 мың теңгеге шықты. Марина Клаб демалыс орталығы. Әр қадамың ақша.Тамақтарының бағасы удай. Люкс номерiнiң бағасы - 80 мың теңге.