Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында инфляцияның жыл аяғына дейін жоғары деңгейде сақталатынын мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстандағы инфляция біздің болжамымыз бойынша, наурыздағы 12%-дан сәуірде барлық компоненттер бойынша баға жылдам өскендіктен 13,2%-ға дейін қарқын алды. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеделдеді. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне қант, қырыққабат, күнбағыс майы ең көп …