Африканың Эфиопия, Сомали мен Кения елдерінде қуаңшылықтан 18 млн адам зардап шекті. Табиғат апатынан аймақта азық-түлік дағдарысы ушығып тұр деп хабарлады turkystan.kz Ашқұрсақ жүрген халық елін тастап босып кетті. БҰҰ кейінгі онжылдықта Шығыс Африкада шетел асқан келімсектер саны 2 миллионнан 5 миллионға дейін артқанын айтады. Былтыр 300 мың адамға көбейген. Африканың көптеген елі азық-түлік импортына тәуелді. …