ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Әл-Бахр» сарайында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. Премьер-министр биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толып отырғанын атап өтті. Осы уақыт ішінде дипломатиялық қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілді. Біз өзара қызығушылық тудыратын экономиканың