Алакөлге табаным алғаш тиді. Себебі жолы жаман дегесін жүрексінгем. Ал, демалысты мұрынның ұшына тақалғанда жоспарлайтын көп қазақтың бірі сияқты әуе не темір жолға билет таппай қалатынмын, деп жазады Диас Нұрақын. Бұл жолы бала-шағаны алып көлікпен шықтық. Алматыдан Ақшиге дейін 650 шақырым екен. Тоқтап, асықпай тамақ ішіп, күнбағыс алқабында суретке түсіп жүріп 9 сағатта жетіп бардық.