8 ақпанда белгісіз біреу Ulysmedia сайтының бас редакторы Самал Ибраеваға қып-қызыл мал етін қорапқа салып жіберген. Ең қорқыныштысы, қорапта етпен бірге журналистің балаларының суреті де болған. Журналистің сөзінше, қорап кеңсеге келген. Ол өзіне және редакцияға қасақана қастандық жасалғанын айтады. Ибраева полицияға арыз жазып, істі жіті тексеруді талап етті. Айта кетейік, кейінгі кездері Қазақстанда журналистерге жасалған