Қырғызстанның бұрынғы президенттері Құрманбек Бакиев пен Алмазбек Атамбаевтың коттедждерінде балаларға арналған оңалту орталықтары ашылады, деп хабарлайды 24.kg Қырғызстанда мүгедектігі бар 200 мыңға жуық адам тұрады, оның 35 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар. Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға толыққанды оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуде қиындықтар бар. Сол үшін Қой таш ауылындағы Алмазбек Атамбаевтың және Жібек жолы даңғылы