Астанада ерекше сот ісі басталды – жекеменшік медицина ұйымдары өз саласына жауапты мемлекеттік органды сотқа берді. Даудың себебі – Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы. Құжатқа сәйкес, емханалар мемлекеттен тегін медициналық қызметтің толық ақысын тек өткен айда нақты қаралған пациенттер үшін ғана алады. Ал егер медициналық мекемеге тіркелген тұрғындардың басым бөлігі дәрігерге жүгінбейтін, дені сау адамдар болса, олар үшін бөлінетін қаржы қысқартылады. Мұндай тәсілдің медициналық қызмет сапасына қалай әсер етуі мүмкін және министрлік неге қаржыландыруды қысқартуға шешім қабылдады деген сұрақтарға Ulysmedia.kz тілшісі алдын ала сот отырысы барысында жауап іздеуге тырысты.
«Бала – жарты адам ба?»: жекеменшік емханалар шенеуніктермен соттасып жатыр
Жаңалықтар