Бала тілінің кеш шығуы соңғы жылдары жиі кездесетін өзекті мәселеге айналып отыр. «Балам сөйлемейді» деп шағынатын ата-ана көп. Бұл жағдай логопед, дефектолог мамандарға сұранысты арттырып отыр. Осы орайда сөйлеу тілі бұзылған балалармен жұмыс істеп жүрген логопед-дефектолог, «Сөйле балақай» орталығының жетекшісі Айман Әділбекқызымен әңгімелескен едік. – Логопед мамандарға сұраныс жыл сайын артып келеді. Мұны қазіргі балалар …