Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлайды. Бала туғанда төленетін жәрдемақы үш күн ішінде ешбір құжатты толтырмастан, автоматты түрде тағайындалады. Астанадағы екі емханада пилоттық жоба іске асып жатыр. Соның аясында бала дүниеге келе салысымен бір сағатта жеке сәйкестендіру нөмірі беріледі. Өйткені кей ата-ана балаға есім қоюға асықпайды екен. Ал аты-жөні анықталмағандықтан, ЖСН де, куәлік те кешігеді. Салдарынан төленетін