Желіде балалардың газдалған сусыннан жаппай уланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада «Тархун» және «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар «M&M’S», «Milky way» шоколадтары, «Дюшес» және «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері