Атыраудағы балалар хиджама жасау процедурасы қоғамда дүрбелең тудырды. Тіпті, қазақстандықтар мұндай емдеу әдісіне тыйым салу керек екенін алға тартты. Сол себепті бір топ медицина мамандары арнайы петиция жариялап, оған қол қойып жатыр. Екі күн ішінде оған 11 мыңнан аса азамат қол қойған. Петицияны мына жерден оқи аласыз. Денсаулық сақтау министрлігі хиджама лицензияланған медициналық көмекке жатпайтынын растады.