Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан оқушылар арасындағы буллингпен күрес қалай ұйымдастырылатынын айтты. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады. Біз осындай жүйені енгізуді ұсынып отырмыз. Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Вице-министрдің айтуынша, карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын да шектеуге болады.