Қазақстандағы еңбек миграциясы тек табыс табу жолы емес, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының басты индикаторына айналды. 2025 жылғы статистика бойынша 156 мың отандасымыз шетелде еңбектенуде: бірі Шотландия алқаптарында капитал, бірі Еуропа зауыттарында тәжірибе жинап жүр. Бұл үдеріс ел экономикасына қаржы ағынын әкелгенімен, «білікті кадрлардың жылыстауы» мен отбасы институтының әлсіреуі сияқты күрделі мәселелерді де ала келді. Мемлекет миграцияны ел дамуына қызмет ететін «айналым» сипатына қалай көшірмек?
«Балаларымды тек телефоннан көрем»: қазақтар нәпақа үшін неге Англия асуға мәжбүр
Жаңалықтар