Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген сарбаз Ербаян Мұхтардың әкесі Мұхтар Аймағамбетов ұлын емдеу үшін Германияның клиникаларымен сөйлесіп отырғанын айтады. Олар "балаңыз 80 пайыз аяғынан тік тұрып кетеді" деп сендірген. Алайда ол жаққа санавиациямен жеткізуде қиындықтар туындаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.