«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Balapan телеарнасының логотипі, эфир және эфирден тыс дизайн стилі толығымен өзгерді. Телеарнаның жаңа бейнесі мен әнұраны бүгін BALAPAN ӘЛЕМІ республикалық балалар фестивалі аясында таныстырылады. «Жаңа брэндбукке сәйкес, балапандар өсіп, тілі шыққан, яғни енді балалармен сөйлесе алады. Арнаның бейнесі 4 түрлі мінезбен ерекшеленеді: балапандар білімпаз, өнерпаз, спортшы және ерке. Әрбір сипаты заманауи балалардың […]