Айтыскер ақын Балғынбек Имаш бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлының әруақтарға қатысты айтқан пәтуасын құптамай, қызметінен кетуін талап етті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметттік желідегі инстаграм парақшасында бөлісті, деп жазды Ел аузында сайты. Әссәләмуғәләйкум, мұхтарам жамағат! Қазіргі діни жағдайларға байланысты жақ ашпау күнә болатыны анық. Әуелде эмоцияға салынып, артық айтып қоймау үшін үндемей, әліптің артын бақтым.