Соңғы күндері Балқаш көлінің жағасында бірнеше өрт болды. Ірі өрттердің бірі Балқаш қаласының маңында, көлдің оңтүстігінде болды. Өрт ошағы Балқаштың оңтүстігіндегі ең жақын елдімекендерден 100 шақырымдай жерде орналасқан. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтағы алғашқы өрт нүктесі 21 маусымында сағат 21:33-те тіркелген. Қазіргі уақытта өртенген аумақтың ауданы шамамен 8,5-9 мың гектарды құрайды.