«Ақкент» шағын ауданында болған өрт кезінде балконнан секірген әйелді құтқаруға болар еді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, өрт кезінде адамдар қатты үрейленіп, арты дүрбелеңге ұласқан. Тұрғындар балаларын балконнан лақтырып жіберген, артынан өздері де секіріп кеткен. Алайда үйдің сыртында қатты түтін байқалмаған. Балконда